Концепция келесі талаптарды ескеруі тиіс:
✔️ Бірегейлік, тарих және символизм – Катонқарағай ауданының ерекшеліктерін көрсетіп, оны әлемнің рухани орталықтарының бірі, «Алтайдың жүрегі» ретінде бейнелеуі қажет;
✔️ Катонқарағай ауылының бекітілген дизайн-кодына сәйкестігі;
✔️ Нысанның болжалды орналасуы – оның қолайлылығы мен көрнекілігін ескеру;
✔️ Сәулеттік айқындылық және технологиялық орындалу деңгейі;
✔️ Өңірдің климаттық жағдайларына төзімділігі;
✔️ Табиғи ландшафтпен үйлесімділігі – стеланың дизайны қоршаған табиғатпен үндесіп, Алтай тауларының сұлулығын, сондай-ақ аймақтың ерекше флорасы мен фаунасын айшықтауы керек;
✔️ Жергілікті материалдарды пайдалану – дәстүрлер мен қолөнерді көрсету мақсатында экологиялық таза, жергілікті материалдарды (ағаш, тас, металл және т.б.) қолдану ұсынылады;
✔️ Жобаны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі.
Сілтеме бойынша ережемен танысу
Техникалық тапсырмамен танысу
Катонқарағай ауылының дизайн-коды
Орналасқан жердің фотосуреттері
Өтінім нысаны